1 / 4
Аудан әкімі тұрғындармен есептік кездесулер өткізді
Зеренді ауданының әкімі Қызылсегіс ауылында Қызылсегіс ауылдық округінің тұрғындарымен, сондай-ақ Айдабол ауылында жергілікті тұрғындармен есептік кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында жолдардың жай-күйі және ауылдардың тыныс-тіршілігіне қатысты өзге де өзекті мәселелер көтерілді.
Тұрғындардың барлық сұрақтары мен ұсыныстары тіркеліп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.









