1 / 5
Республика күніне арналған салтанатты іс-шарада Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин тұрғындарды ұлттық мерекемен құттықтап, ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.
Мереке аясында Асқар Байқановқа, Ерден Елеуловке және Жұмабек Төлебаевқа «Зеренді ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Райхан Ғабдуллина мен Марат Хасенов «Зеренді ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ түрлі сала өкілдеріне облыс және аудан әкімдерінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, сайлау комиссиялары төрағаларының алғыс хаттары табысталды. Екі мемлекеттік қызметші салтанатты түрде ант қабылдады.
Іс-шара жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасты.









