Бүгін ауданымызда Республика күніне орай «Көк байрағым – мақтанышым» атты салтанатты Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті.
Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Олжас Баққараев қатысып, жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтады. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды.
Республика күні – еліміздің мемлекеттілік тарихындағы айрықша орны бар, ұлттық бірегейлігімізді айқындап, егемендігімізді ұлықтайтын маңызды мереке. Бұл күн халқымыздың азаттыққа ұмтылысын, тәуелсіздік жолындағы тарихи таңдауын және ел болашағына деген сенімін бейнелейді.
Ал Мемлекеттік Туды көкке көтеру рәсімі – Отанға деген сүйіспеншіліктің, елдік рух пен бірліктің жарқын көрінісі. Көк байрағымыз – тәуелсіздігіміздің, бейбітшілігіміз бен ортақ құндылықтарымыздың символы.
Салтанатты шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру.
Көк туымыз әрдайым биікте желбіреп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болғай! Республика күні құтты болсын!









