ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ТОҚТАТА ТҰРУ, ҚАЙТА БАСТАУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ ТӘРТІБІ

    1 / 4

    1. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру

    Зейнетақы төлемдері ағымдағы ай үшін ай сайын алушылардың банктік шоттарына аудару арқылы немесе заңнамада көзделген жағдайларда «Қазпошта» АҚ арқылы үйіне жеткізу жолымен жүзеге асырылады.

    2. Зейнетақы төлемдерін тоқтата тұру

    Зейнетақы төлемдері тиісті мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.

    Зейнетақы төлемдерін тоқтата тұру негіздеріне, атап айтқанда, мыналар жатады:

    * Алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы.

    * Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарының немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы.

    * Хабар-ошарсыз кеткен алушының іздестіріліп жатқаны туралы расталған мәліметтердің болуы.

    * Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 204-бабында көзделген өзге де мән-жайлар.

    3. Зейнетақы төлемдерін қайта бастау

    Зейнетақы төлемдері олардың тоқтатыла тұруына негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін, растайтын құжаттар және (немесе) цифрлық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде қайта басталады.

    Зейнетақы төлемдерін қайта бастау күні олардың тоқтатыла тұру негізіне байланысты болады.

    4. Зейнетақы төлемдерін тоқтату

    Зейнетақы төлемдері заңнамада белгіленген жағдайларда, оның ішінде мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:

    * Зейнетақы төлемдерін алушының қайтыс болу фактісі анықталған кезде.

    * Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген өзге де негіздер бойынша.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары