1 / 4
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары «Менің Қазақстаным» патриоттық челленджі аясында Қазақстан Республикасы күніне орай ағаш көшеттерін отырғызды.
Өрт сөндірушілер мен құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері отырғызған қылқан жапырақты жас көшеттер қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі – Ертіс жағалауындағы аллеяның көркін арттырып, оның ажырамас бөлігіне айналады.
Государственный орган өкілдері атап өткендей, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатқа қамқорлық жасау – бір реттік акция емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын игі дәстүр. Дала өрттері мен табиғи апаттардың зардаптарын жою кезінде табиғаттың қаншалықты осал екенін өз көзімен көретін құтқарушылар әрбір сақталған және отырғызылған ағаштың қадірін жақсы біледі.









