1993 жылы ашылған білім беру ұйымында шатыр толық ауыстырылып, қасбеті, едендері, төбелері мен терезе жақтаулары жаңартылды. Электр желілері толығымен ауыстырылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп аумағы абаттандырылып, жаяу жүргіншілер жолына брусчатка төселді.
Айтып өтейік, биыл өңірде реновация жобасы аясында сегіз мектеп жаңғыртылды. Жобаның мақсаты – білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жаңартып, оқушылар мен педагогтерге қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау.
Күрделі жөндеуден өткен №37 орта мектепке барған облыс әкімі Асхат Шахаров барып, білім беру нысанын аралап шықты. Аймақ басшысы сапар қорытындысында жаңартылған мектептің жағдайына назар аударып, білім беру ортасының сапасын қамтамасыз ету және ғимаратты тиімді пайдалану жөнінде тапсырмалар берді.









