Қазақстанда "Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов" атындағы ІІМ ведомстволық медалі тағайындалды

    1 / 2

    Ел жадында мәңгі сақталатын ерлік... Полиция капитаны Ғазиз Байтасов бейбіт тұрғындарды қорғау жолында өз өмірін құрбан етіп, айрықша батылдықтың, жанқиярлықтың және қызметтік борышына адалдықтың үлгісін көрсетті. Оның ерлігі Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылып, Отанға қалтқысыз қызмет етудің жарқын бейнесіне айналды.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес батырдың құрметіне Ішкі істер министрлігінің "Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов" ведомстволық медалі тағайындалды.

    Алғашқы медаль естелік ретінде батырдың жұбайы Гүлжамал Тәжиеваға табысталды.

    Бұдан былай бұл медальмен қызметтік міндетін атқару кезінде батылдық пен ерлік көрсеткен ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталатын болады.

    Нағыз батырлардың есімі ешқашан ұмытылмайды. Олардың ерлігі ел жадында мәңгі сақталып, халық жүрегінен орын алады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары