«Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Жезқазған қаласы 2026 жылғы 9 қазан
КІРІСПЕ БӨЛІМ
«Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының 2026 жылғы 3 тамыздағы № 33 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» бұйрығы негізінде 2026 жылғы 31 тамыз бен 9 қазан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау «Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ-нің 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі қызмет кезеңін қамтыды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды келесідейқұрамдағы жұмыс тобы жүргізді:
Хайдар Эльмира– жер қатынастарын реттеу бөлімінің басшысы;
Сансызбаева Гульжан Абильхановна– қаржы, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы;
Жақсылық Әділер Жақсылықұлы– АӨК-ті субсидиялау, экономикалық талдау және инвестициялар бөлімінің басшысы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің қызметін реттейтін заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2. Объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
I. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
Талдау барысында нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
II. Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі құжаттар талаптарының сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.
Талдау нәтижесінде Басқарманың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
III. Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
1. Персоналды басқару.
Басқарманың жалпы штат саны 24 бірлікті құрайды.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары әзірленіп, 2022 жылғы 13 шілдедегі № 1-Б бұйрықпен бекітілген. Қызметкерлер қызметке қабылданған кезде лауазымдық нұсқаулықпен қол қою арқылы танысады.
Барлық қызметкерлерге жеке істер ашылған. Басқарманың ішкі тәртіп қағидаларын қамтитын жұмыс регламенті және мекеменің құрылымы бекітілген.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан тәртіптік жауаптылыққа заңсыз тарту туралы шағымдар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне немесе сотқа түскен жоқ.
Қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша лауазымын төмендету және қызметтен шығару фактілері анықталған жоқ.
Жұмыс тобы қолданыстағы заңнамада лауазымды адамдар үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың сақталуына, оның ішінде коммерциялық ұйымдарды сенімгерлік басқаруға беру және өзге де талаптардың орындалуына талдау жүргізді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Талданатын кезеңде барлық мемлекеттік қызметшілер кірістері мен мүлкі туралы декларацияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынған.
Басқарманың барлық қызметкерлері атқаратын лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
2. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.
Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына сәйкес № 4 «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал шаруашылығы қожалықтарын сумен қамтамасыз ету (құдықтар, ұңғымалар)» жоба паспорты бойынша объектілерді қарап-тексеру жүргізіледі.
Аталған Қағидаларға сәйкес жұмыс органының (ауыл шаруашылығы басқармасы, жергілікті атқарушы орган) мамандары объектіні (ұңғыманы, құдықты) қарап-тексеру, оның тереңдігі мен енін/диаметрін өлшеу үшін объектіге баруы қажет. Алайда Қағидаларда осы іс-шараны жүргізу тәртібі регламенттелмеген, бұл бірқатар бұзушылықтарға жол берілуіне және соның салдарынан сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына әкеп соғуы мүмкін.
Жою жөніндегі ұсынымдар:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қағидаларға толықтыру енгізіп, құдықтар мен ұңғымаларды қарап-тексеру алгоритмін, сондай-ақ олардың диаметрін, тереңдігі мен енін өлшеуге арналған құралдарды нақты белгілеуі қажет.
2.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидияны алғаш рет алған кезде көрсетілетін қызметті алушыны «Қазынашылық» веб-порталында тіркеу қажет. Аталған веб-порталда тіркеу және субсидияны аудару үшін көрсетілетін қызметті беруші дербес деректерді (жеке куәлік, шаруа қожалығының талоны, шаруа қожалығына тиесілі банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама) жинау мақсатында көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысуға мәжбүр болады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттырады.
Жою жөніндегі ұсынымдар:
Бағдарлама әзірлеушілері шаруа қожалықтарын тіркеу үшін ГИСС жүйесінің «Қазынашылық» веб-порталымен интеграциясын қамтамасыз етуі қажет.
4. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқармада рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.
5. Бақылау функцияларын жүзеге асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқармада бақылау функциялары жүзеге асырылмайды.
6. Қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін жасалған шарттардың жалпы сомасы 654,6 млн теңгені құрады, оның ішінде:
·көрсетілетін қызметтерді сатып алу – 428,3 млн теңге;
·жұмыстарды сатып алу – 222,6 млн теңге;
·тауарларды сатып алу – 3,7 млн теңге.
8. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау.
Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 10.
IV. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі негізінде жүзеге асырылады. Талданатын кезеңде жеке және заңды тұлғалардан524өтініш түскен. Барлық келіп түскен өтініштер бойынша өтініш берушілерге аталған Кодексте белгіленген мерзімдерде жауаптар берілген.
Мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне, сондай-ақ өтініштерді тиісінше қарамауға қатысты шағымдар түскен жоқ.





