Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жоспар

    Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жоспар

    №

    Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

    Іс-шара

    Аяқталу нысаны

    Жауапты орындаушылар

    Орындау мерзімі

    Ескертпе

    1

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына сәйкес № 4 «Жайылымдарды суландыру және мал шаруашылығы қожалықтарын сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын құру (құдықтар, ұңғымалар)» жоба паспорты шеңберінде объектілерді қарап-тексеру жүргізіледі.

    Аталған Қағидаларға сәйкес жұмыс органының (ауыл шаруашылығы басқармасы, жергілікті атқарушы орган) мамандары объектіні (ұңғыманы, құдықты) қарап-тексеру, оның тереңдігі мен енін/диаметрін өлшеу үшін объект орналасқан жерге баруы қажет. Алайда Қағидаларда аталған іс-шараны жүргізу тәртібі регламенттелмеген, бұл бірқатар бұзушылықтарға жол беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына әкелуі мүмкін.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Қағидаларға толықтыру енгізу, атап айтқанда, құдықтар мен ұңғымаларды қарап-тексеру алгоритмін және олардың диаметрін, тереңдігі мен енін өлшеуге арналған құралдарды нақты белгілеу қажеттігі туралы бастамашылық хат жолдау.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына толықтырулар енгізу.

    Жақсылық Ә.Ж.

    2026 жылғы желтоқсан.

    2

    Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидияны алғаш рет алған кезде көрсетілетін қызметті алушыны «Қазынашылық» веб-порталында тіркеу қажет. Аталған веб-порталда тіркеу және субсидияны аудару үшін көрсетілетін қызметті беруші дербес деректерді (жеке куәлік, шаруа қожалығының талоны, шаруа қожалығына тиесілі банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама) жинау мақсатында көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысуға мәжбүр, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттырады.

    Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тіркеу үшін СМАЖ-ды (субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесін) «Қазынашылық» веб-порталымен интеграциялау қажеттігі туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне бастамашылық хат жолдау.

    СМАЖ-ды (субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесін) «Қазынашылық» веб-порталымен интеграциялау.

    Жақсылық Ә.Ж.

    2026 жылғы желтоқсан.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" жаңалықтары