Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі «спортшы-нұсқаушы» лауазымына қойылатын міндетті біліктілік талаптарының қатарына орта білімнің болуын енгізді. Тиісті өзгерістер Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша енгізілді.
Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата спортшыларды тәрбиелеу мен даярлауға, оның ішінде жоғары жетістіктер спортын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит қорытындысы бойынша Министрлікке «спортшы-нұсқаушы» лауазымына қойылатын біліктілік талаптарын төмендету ұсынылды. Атап айтқанда, кадрларды даярлау бағытында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқуорнынан кейінгі) білімнің не «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің не спорт түрі (түрлері) бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының құрамына қабылданған жағдайда жалпы орта білімнің болуына қатысты талаптарды төмендету ұсынылды.
Аталған талаптар колледждерде оқуын жалғастырып жүрген, аяқталған кәсіби білімі немесе жалпы орта білімі (11 сынып) туралы құжаты жоқ, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген жас спортшыларды «спортшы-нұсқаушы» лауазымына қабылдауға және олардың еңбегіне ақы төлеуге мүмкіндік бермеді. Соның салдарынан жас спортшылардың спорттық мансабын білім алумен қатар алып жүруіне жеткілікті ынталандыру болмады.
Бұл ретте көркем гимнастика, синхронды жүзу және мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлерінде Олимпиада ойындарына және ересектер арасындағы басқа да халықаралық жарыстарға 16 жастан бастап, ал бокс, жүзу және суға секіру сияқты спорт түрлеріне
19 жастан бастап қатысуға рұқсат етіледі.
Нәтижесінде үлгілік біліктілік сипаттамаларына қажетті өзгерістер енгізілді. Енді спортшы-нұсқаушы лауазымына үміткердің кемінде орта білімі болуға тиіс.
Қабылданған шара бюджет қаражаты есебінен еңбек ететін спортшылар үшін базалық білім стандартын бекітіп, олардың жаттығулар мен жарыстарға қатысумен қатар оқуын жалғастыруына ынталандырады. Сонымен қатар бұл қадам үлкен спорттан кейінгі өмірге дайындалуға, атап айтқанда, жоғары оқу орнына түсуге, жаттықтырушылық қызметке ауысуға немесе басқа мамандықтарды игеруге негіз қалайды.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша берілген басқа да тапсырмалар мен ұсынымдардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында.
Орта білімі бар спортшылар бюджет есебінен жалақы ала алады: Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы орындалды
Ұқсас материалдар

25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН!
«Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіАшу
Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі артты
Ұлттық статистика бюросыАшу
Қазанда қазақстандық кино күндері өтті
Қазақстан Республикасының Қазан (РФ) қаласындағы Бас консулдығыАшу
Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай ерекше қажеттіліктері бар азаматтар арасында байқау ұйымдастырылады
Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасыАшуҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Қазақстан Республикасының Қазан (РФ) қаласындағы Бас консулдығыАшу
"Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы" жаңалықтары

Қырғыз Республикасы Есеп палатасына 30 жыл: Қазақстанның мемлекеттік аудиторлары Бішкекке барды
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасыАшу
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының ұсынымы бойынша 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыстарын жоспарлауда 456 млрд теңгеге тәуекелдер жойылды
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасыАшу
Қазақстандық делегация мемлекеттік аудит және мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы еуропалық тәжірибені зерделеді
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасыАшу
Жоғары аудиторлық палата Қостанайда жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алудың 174 жағдайын анықтады: әкімдік тиісті шаралар қабылдауда
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасыАшу
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін БЖЗҚ жекеменшік зейнетақы активтерін басқарушылардың есептілігінің ашықтығын арттырды
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасыАшу