1 / 2
Меритократия қағидасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбей ауысу тәртібімен орналасу қағидасының 2-тармағы 4-тармақшасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 36-бабына сәйкес, Шелеуова Құралай Жауынбайқызы Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Басқарма ұжымы атынан Құралай Жауынбайқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Жауапты қызметіңізге сәттілік, кәсіби жолыңызға толағай жетістіктер тілейміз!!!









