Қамқорлықтың шекарасы жоқ

    Ақтөбе қаласында патрульдік полиция қызметкерлері Қырғыз Республикасының азаматтарына көмек көрсетті. Ресейден еліне қайтып бара жатқан жолаушылар интернеттің болмауы және телефондарының істемеуі салдарынан жол бағытын анықтай алмай, полицияға жүгінген.
    Тәртіп сақшылары азаматтарға қажетті бағытты түсіндіріп, қаладан шығарып салды. Осылайша, олардың сапарын әрі қарай қауіпсіз жалғастыруына жағдай жасады.
    Сонымен қатар полицейлер жолаушыларға ыстық тамақ пен қажетті азық-түлік сатып алып берді. Мұндай қолдау ұзақ жолда жүрген азаматтар үшін ерекше маңызды болды.
    Қырғыз Республикасының азаматтары полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі мен ықыласы үшін алғыс білдірді.
    Бұл оқиға полицейлердің қызметі тек қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен шектелмейтінін көрсетеді. Қажет сәтте қолдау білдіру, қиындыққа тап болған жанға көмектесу және адамгершілік таныту да – қызметтің маңызды бөлігі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары