Онлайн саудада сақ болыңыз: алаяқтардың құрбаны болмаңыз

    Соңғы уақытта интернет арқылы сауда жасау кезінде алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Азаматтар хабарландыру сайттарынан қажетті тауарды тауып, сатушылармен байланысады да, тауардың толық немесе ішінара ақысын алдын ала аударады. Алайда ақшаны алғаннан кейін жалған сатушылар байланысқа шықпай, сатып алушылар тауарсыз да, ақшасыз да қалады.
    Алаяқтар көбіне автокөлік бөлшектерін, жиһазды, киім-кешекті және сұранысқа ие өзге де тауарларды сылтауратады.
    Мәселен, Ақтөбе қаласының 42 жастағы тұрғыны WhatsApp арқылы келісімшарттық қозғалтқыш сататынын айтқан адаммен хат алмасқан. Оның сөзіне сенген азамат банк арқылы 300 мың теңге аударған. Ақшаны алғаннан кейін сатушы байланысқа шықпай қойған.
    Тағы бір жағдайда автокөлік иесі қысқы шиналар сатып алмақ болған. Тауар сатуды сылтау еткен алаяқ одан 160 мың теңге алған.
    Алаяқтардың құрбаны болмау үшін мынадай сақтық шараларын ұстаныңыз:
    • мүмкіндігінше тауарды көріп, қолыңызға алғаннан кейін ғана ақысын төлеңіз;
    • бейтаныс сатушыларға алдын ала ақша аудармаңыз;
    • сатушының парақшасын, пікірлерді және бұрын жариялаған хабарландыруларын тексеріңіз;
    • бағасы күмәнді түрде арзан немесе ақшаны шұғыл аударуды талап ететін ұсыныстарға сақтықпен қараңыз;

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары