Көксу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.
Ерекше назар мектептер мен колледждердің білім алушыларымен кездесулер өткізуге аударылған. Кездесу барысында полицейлер жасөспірімдерге заң талаптарын түсіндіріп, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және әрбір әрекет үшін жауапкершілік туралы ескертеді.
Сонымен қатар жастарға қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, құқыққа қайшы әрекеттерден қорғану жолдары және құқық бұзушылықтардың ықтимал салдары түсіндіріледі.
Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.








