Жетісу облысында полиция қызметкерлері бір апта ішінде алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік басқарудың 12 дерегін анықтады.
Мас күйінде көлік жүргізу — жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылық. Мұндай жағдайда жүргізушінің реакциясы баяулап, жолдағы жағдайды дұрыс бағалау қабілеті төмендейді. Бұл ауыр жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін.
Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Мас күйінде көлік басқарған жүргізушілер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, алкогольдік ішімдіктер немесе есірткі заттарын қолданғаннан кейін көлік тізгініне отырмауға шақырады.
Жол қауіпсіздігі — ортақ жауапкершілік. Рөлде отырып, өз өміріңіз бен өзгелердің өміріне қауіп төндірмеңіз!








