«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ: Жетісу облысында бір күнде 367 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды

    1 / 2

    Жетісу облысында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу деректерінің жолын кесуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше назар аударуда.

    Бір күннің ішінде полицейлер 367 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарудың төрт дерегі тіркелді.

    Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын бұзған жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қауіпсіздігін сақтау, көлік құралын масаң күйде басқарудың қауіптілігі және заң талаптарын орындаудың маңыздылығы туралы түсіндіруде.

    Мас күйде көлік жүргізу жүргізушінің өз өміріне ғана емес, жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

    Полиция жүргізушілерді белгіленген жылдамдықты асырмауға, жол қозғалысы қағидаларын сақтауға және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмауға шақырады.

    «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Жетісу облысының полицейлері барлық жол қозғалысына қатысушыларды мұқият әрі жауапты болуға шақырады.

    Есіңізде болсын: жолдағы жауапкершілік — өз өміріңіз бен өзгелердің қауіпсіздігіне деген құрмет!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары