Еңбек қолдау

    «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 21 қазанда Қостанай облысының Мансап орталығында «Еңбек қолдау» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға Қостанай облысының Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы бірлесіп қатысты.
    Жәрмеңкеге 22 жеке сот орындаушысы, алименттік міндеттемелері бар 27 борышкер, сондай-ақ KST TRADE, «АгромашХолдинг KZ» АҚ, ALLUR, KAMLIT, Шрақбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.Іс-шараның барысында 6 борышкер жұмысқа орналастырылды, қалған борышкерлерге жұмысқа орналасу нұсқалары ұсынылып, тиісті жолдамалар берілді.Іс-шара алименттік міндеттемелері бар борышкерлерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, алимент бойынша берешекті азайтуға және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.Осындай іс-шараларды өткізу нәтижесінде 2026 жылдың 9 айында Қостанай облысында алименттік міндеттемелері бар 300-ден астам борышкер жұмысқа орналастырылды.

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары