«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 22 қазанда Әулиекөл ауданаралық аумақтық сот орындаушылары бөлімінің аға сот орындаушысы Т.В. Громова Әулиекөл ауданының адвокаты М. Қасымтаевамен және Әулиекөл ауданының нотариусы Б. Балахметовамен бірлесіп семинар форматында жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді жасау және оларды мәжбүрлеп орындату тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістерді талқылады. Теориялық мәселелерді талқылағаннан кейін бірден ашық қабылдау ұйымдастырылып, Әулиекөл ауданының тұрғындары сот актілерін орындау, алимент өндіру, аресттерді алып тастау, адвокаттық қорғау және нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мәселелері бойынша тегін білікті заң көмегін алды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында онлайн-сауалнама ұйымдастырылып, қабылдауға келген әрбір азамат арнайы QR-кодтың көмегімен сауалнамадан өтіп, өз пікірін қалдыра алды. Республика күні қарсаңында мұндай бірлескен акцияларды өткізу құқықтық институттардың ашықтығын көрсетеді және өңірдің әрбір тұрғыны үшін мемлекет кпілдік берген заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі









