Қазақстан Республикасының 25 қазан – Республика күні қарсаңында Қостанай облысының Әділет департаментінде еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің біріне арналған салтанатты іс-шара өтті.Іс-шара аясында қызметкерлер мен заң саласының өкілдерінің еңбегі аталып өтіп, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Сондай-ақ әділет органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Ерекше назар кәсіби дәстүрлерді сақтап, тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізіп келе жатқан отбасылық әулеттерге аударылды. Мерекелік көңіл күйді Отанға және Қазақстанға деген сүйіспеншілікке арналған музыкалық және шығармашылық өнер көрсетілімдері толықтырды.
Еліміз өркендеп, бірлік пен береке әрдайым басты құндылықтарымыз болып қала берсін!
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі









