Алматыда заңсыз салынған «Жетісу-Семиречье» базарын бұзу жұмыстары басталды

    1 / 3

    Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Түрксіб ауданының Қайрат шағынауданында орналасқан базардың жалпы аумағы 56 мың шаршы метрден асатын сауда орындарын бұзу жұмыстары басталғанын хабарлайды.

    Бұған дейін жүргізілген тексеру барысында «Статус Construction» ЖШС рұқсат құжаттарынсыз жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болатын сауда орындарын салғаны анықталды.

    Меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма заңсыз нысандарды бұзу туралы талап арызбен Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді. Осыдан кейін сот талқылаулары өтті.

    Алматы қалалық сотының қаулысымен мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың заңсыз нысандарды бұзу туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Іс материалдары шешімді орындау үшін Әділет департаментіне жолданды.

    Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысандарды бұзу жұмыстарын өз бетінше бастады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары