Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Е.Ж. Сәрсембаевтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Жиында аумақтық әділет органдарының тоғыз айдағы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары қаралды.
Кеңеске Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбек, сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстарының әділет департаменттерінің басшылары қатысты.
Жиын барысында департамент басшылары есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы баяндап, қызметтің негізгі бағыттары бойынша қол жеткізілген нәтижелерді таныстырды. Сонымен қатар алдағы кезеңде іске асырылуы жоспарланған жұмыстарға тоқталды.
Кеңес аясында әділет органдары қызметінің өзекті мәселелері мен басым бағыттары талқыланып, аумақтық департаменттердің жұмысын одан әрі ұйымдастыру мәселелері қаралды.









