1 / 4
21.10.2026 ж. Республика күні қарсаңында Ұлытау облысы Әділет департаменті коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласын бақылау бөлімі үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен семинар ұйымдастырды.
Іс-шара барысында «Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу: өзекті мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбында ғылыми-танымдық және білім беру бағытындағы маңызды мәселелер талқыланды. Семинарды Департамент бөлім басшысы Айнұр Қабыловна Нургалиева жүргізіп, қатысушыларға ҮЕҰ-ды тіркеу, қайта тіркеу тәртібі және олардың қызметіндегі құқықтары мен міндеттері бойынша түсініктеме берді.









