Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің жастар ісі және спорт министрлерінің X отырысы өтті.
Жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мен ТМҰ Хатшылығының басшылығы қатысты.
Қатысушылар жастар саясаты мен спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту, салалық ведомстволар арасындағы байланысты кеңейту және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, алдағы уақытта бірге түрлі жоба бойынша жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырды.
Аталмыш жиын Қазақстан үшін ТМҰ аясындағы серіктестікті нығайтуға, мемлекетаралық диалогты дамытуға және жастар саясаты мен спорт саласындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға бағытталған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі









