ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметкерлері Government Chess Cup 2026 турнирінде бірінші орын иеленді

    1 / 4

    Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер арасындағы Government Chess Cup 2026 республикалық шахмат турнирінде жүлделі орындарға ие болды.

    Жарысқа еліміздің өңірлерінен алдын ала іріктеуден өтіп, өңірлік кезеңдерде жеңіске жеткен 20 команда қатысты. Барлығы 80 қатысушы бақ сынады.

    Командалық есепте Астана қаласының мемлекеттік қызметшілерінен құралған құрама бірінші орын иеленді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің бас сарапшысы Абылайхан Өмірбек жеңімпаз команданың құрамында жарысқа қатысты.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары