Доха, 6 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатардың Әділет министрі және Министрлер Кабинеті істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Ибраһим бен Али Әл-Муханнадимен кездесу өткізді.
Ибрахим Әл-Муханнади Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар құқықтық және заңнамалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, әділет министрліктері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны жетілдіру мәселелерін талқылады.









