№11 мекемесінде студенттермен кездесу өтті

    1 / 3

    №11 мекемесінде студенттермен кездесу өтті

    Алматы қаласындағы кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған №11 мекемеге Каспий қоғамдық университетінің «Клиникалық психология» мамандығының 4-курс студенттері келді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ клиникалық психологтардың кәсіби тәжірибесін жетілдіру, кәмелетке толмаған сотталғандармен психологиялық жұмыс жүргізудің ерекшеліктерімен таныстыру және олардың психологиялық жай-күйін зерделеу.

    Кездесу барысында «Клиникалық психология» жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры Әлия Байзрахманованың жетекшілігімен кәмелетке толмаған сотталғандарға психодиагностикалық зерттеу жүргізілді. Зерттеу аясында жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін зерделеуге, олардың эмоционалдық жай-күйін бағалауға және жеке психологиялық сипаттамаларын анықтауға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылды.

    Мұндай кездесулер студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби дағдыларын дамытуға және пенитенциарлық жүйедегі психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, кәмелетке толмағандармен жүргізілетін психологиялық жұмыстар олардың жеке ерекшеліктерін ескеруге, мінез-құлқын түзетуге және қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

    Білім беру ұйымдарымен өзара ынтымақтастық орнату болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына жағдай жасап, тәжірибе алмасуға және кәмелетке толмағандармен жүргізілетін психологиялық жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары