Астанада «Адал кәсіпкер» байқауына өтінім қабылдау басталды

    Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында өтетін «Адал кәсіпкер» өңірлік байқауына жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды қатысуға шақырады.

    Байқау адал бизнесті қолдауға және жауапты кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

    Қатысушылар бес номинация бойынша бақ сынайды:

    «Үлгілі салық төлеуші»
    «Жауапты жұмыс беруші»
    «Қауіпсіз бизнес»
    «Әлеуметтік жауапты бизнес»
    «Үздік өндірістік бизнес»
    Байқауға Астанада тіркелген және кемінде екі жылдан бері қызметін жүзеге асырып келе жатқан жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

    Қатысу үшін салықтар мен міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы, заңнаманы өрескел бұзуға қатысты заңды күшіне енген сот актілерінің болмауы және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау қажет.

    Банкроттық немесе тарату рәсіміндегі, сондай-ақ заңнаманы жүйелі түрде бұзу фактілері бар субъектілер байқауға қатыстырылмайды.

    Өтінімдер 23 қазан сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Уақтылы тапсырылған өтінімдерге толықтыруды 26 қазан сағат 12:00-ге дейін енгізуге болады.

    Өтінімдер [email protected] электрондық поштасы арқылы қабылданады.

    Байланыс үшін:
    Асель Утегенова, +7 775 153 3233.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары