Астана қаласының кәсіпкерлерін
«Адал кәсіпкер» акциясына қатысуға шақырамыз!
Астана қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы 2026 жылға арналған «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін «Адал кәсіпкер» акциясына қатысуға шақырады.
Акцияның мақсаты – өз қызметін адал жүзеге асыратын, салық міндеттемелерін уақытылы орындайтын, қызметкерлердің құқықтарын сақтайтын, еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындайтын және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанатын кәсіпкерлерді ынталандыру.
Акция келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Үлгілі салық төлеуші»;
- «Жауапты жұмыс беруші»;
- «Қауіпсіз бизнес»;
- «Әлеуметтік жауапты бизнес»;
- «Үздік өндірістік бизнес».
Акцияға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Таңдалған номинация көрсетілген толтырылған өтінім;
- Кәсіпорын және оның жетістіктері туралы қысқаша ақпарат;
- Акция шарттарына сәйкес растайтын құжаттар.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 23 қазан сағат 18:00-ге дейін.
Толтырылған өтінім мен қажетті құжаттарды WhatsApp арқылы +7 775 153 32 33 (Әсел Өтегенова) нөміріне жолдау қажет.
Астана қаласының кәсіпкерлерін акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!
Қосымша: «Адал кәсіпкер» акциясына қатысуға арналған өтінім нысаны.








