19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өрт сөндіру бөлімдері арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыс өткізілді.
Екі күнге созылған спорттық сайысқа облыстың өрт сөндіру бөлімдерінен 15 команда, жалпы саны 120 қызметкер қатысты. Қатысушылар төрт спорттық сайыс түрі бойынша өзара бақ сынап, кәсіби шеберліктері мен физикалық дайындықтарын көрсетті.
Жарыстың басты мақсаты – өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігін шыңдау, дене дайындығын жетілдіру, командалық үйлесімділікті арттыру және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі тиімді әрекет ету дағдыларын дамыту. Сайыс барысында қатысушылар шапшаңдық, ептілік, төзімділік пен ұйымшылдық танытып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – № 14 өрт сөндіру бөлімі;
ІІ орын – № 5 өрт сөндіру бөлімі
ІІІ орын – № 13мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі.
Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.









