Мерекедегі марапат

    1 / 5

    Жамбыл облысы ТЖД-ның аудандық бөлімдерінде кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиындар өтті.

    Мерекелік кездесулерге аудандық партия өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысып, құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады. Аудандардағы іс-шара барысында азаматтық қорғау саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген мамандардың еңбегі бағаланып, бірқатары марапатқа ие болды.

    Құтқарушылардың қызметі адам өмірін сақтап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие. Олардың кәсібилігі, батылдығы мен жауапкершілігі төтенше жағдайлардың алдын алып, қиын сәтте халыққа көмек көрсетуге бағытталған.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары