Құтқарушылар күніне орай өрт сөндіру кроссфиті сайысы өткізілді

    1 / 9

    19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Атырау облысы ТЖД ұйымдастыруымен өрт сөндіру бөлімдері арасында өрт сөндіру кроссфиті бойынша жарыс өткізілді.

    Жарыстың негізгі мақсаты – өрт сөндірушілердің кәсіби шеберлігін шыңдау, физикалық дайындығын арттыру, төзімділігін нығайту және бөлімшелер арасындағы командалық үйлесімділікті дамыту. Байрақты бәсекеге жалпы саны 15 командадан 30 қызметкер қатысып, қатысушылар жеке және командалық есепте өзара бақ сынасты. Сайыс барысында қызметкерлер күш-қуатын, жылдамдығын, ептілігін және кәсіби даярлық деңгейін көрсетті.

    Жекелей есеп бойынша жеңімпаздар:

    І орын – Атырау қаласы ТЖБ №3 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Әліби Жоламанұлы Жоламан;

    ІІ орын – Индер ауданы ТЖб №5 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Асылхан Нұрбекұлы Жұбанышқалиев;

    ІІІ орын – Қызылқоға ауданы ТЖб №12 ӨСб өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Азамат Абатұлы Аманқос.

    Командалық есеп бойынша жеңімпаздар:

    І орын – Қызылқоға ауданы №12 өрт сөндіру бекеті;

    ІІ орын – Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі;

    ІІІ орын – Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы №3 өрт сөндіру бөлімі.

    Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

    Аталған жарыс өрт сөндірушілердің физикалық дайындығын жетілдіруге, кәсіби дағдыларын дамытуға және командалық рухты нығайтуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары