Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ. Нұртаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, алдағы қысқы кезеңге дайындықты пысықтауға және халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған бірқатар өзекті мәселе қаралды.
Атап айтқанда, 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық, жылыту қазандықтарын қауіпсіз қашықтыққа шығару, апатты және тозығы жеткен ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының қысқы кезеңге дайындығы, облыстың өртке қарсы су көздерімен қамтамасыз етілуі, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ. Нұртаев тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға анықталған мәселелерді шешу, қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және алдын алу шараларын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.









