Веселоподол ауылдық округінде профилактикалық іс-шара өткізілді

    1 / 9

    2026 жылғы 16 қазанда Веселоподол ауылдық округінің бас маманы И.А. Балкенова учаскелік полиция инспекторы Д.А. Танкебаевпен бірлесіп, ауыл тұрғындары мен ұйым өкілдері арасында профилактикалық іс-шара өткізді.

    Аула аралау және ауыл ұйымдарына бару барысында учаскелік полиция инспекторы тұрғындарға алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ақпараттық брошюралар таратып, алдау әрекеттерінің құрбаны болмау үшін сақтық шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара аясында төмендегі бағыттар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

    • жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    • интернет-алаяқтықтың алдын алу;
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
    • діни экстремизмнің алдын алу;
    • кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;
    • нашақорлық пен есірткі қылмыстарының алдын алу;
    • көшелерде және қоғамдық орындарда жүріп-тұру ережелерін сақтау.

    Ауыл тұрғындары мен ұйым өкілдеріне аталған бағыттар бойынша ақпараттық буклеттер таратылды.

    Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

    Халықты ақпараттандыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Сарыкөл ауданының Веселоподол ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ" жаңалықтары