Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және оларды көрсету сапасын арттыру мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Азаматтардың сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық әрі тең қол жеткізуі жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттыруға және халықтың сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тегін негізде ұсынылады.
Халықты мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында «Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында қажетті мәліметтер қамтылған ақпараттық стенд орналастырылған. Сонымен қатар тұрғындарға арналған тақырыптық буклеттер мен ақпараттық брошюралар дайындалған.
Ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары халық арасында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мәселелері бойынша тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Электрондық үкіметтің eGov.kz порталы арқылы бірқатар электрондық қызметтерді алу үшін қажетті электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу және пайдалану тәртібін түсіндіруге ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар ресми интернет-ресурста «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді. Аталған бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері туралы өзекті ақпарат орналастырылған.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және аудан орталығына бару қажеттілігін азайту мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету кабинеті жабдықталған. Бұл кабинет арқылы азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады немесе әкімі аппаратының қызметкерлерінен көмек ала алады.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында әкімі аппаратының мамандары Kaspi.kz және Halyk мобильді қосымшалары арқылы салықтар мен коммуналдық қызметтерді төлеу мәселелері бойынша да кеңес береді.








