ЕЛОРДАЛЫҚ ПАРАЖҮЗУШІЛЕР – АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

    19 қазанда Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында паражүзуден Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

    Ұлттық құрама сапында елордалық екі спортшы – Әли Тұрғанбеков пен Сиязбек Дәлиев, сондай-ақ Наталья Звягинцева мен Зүлфия Ғабидуллина өнер көрсетті.

    4×50 метрге кешенді жүзуден аралас эстафетаның финалында қазақстандық спортшылар 2 минут 54,22 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды.

    🏆 Жарыс қорытындысы:

    🥇 Қытай – 2:32,23

    🥈 Қазақстан – 2:54,22

    🥉 Таиланд – 3:08,20

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары