«СЫН - ШЫН БОЛСЫН…» ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНДЕ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ.

    1 / 17

    Қарағандыда көрнекті театр сыншысы, ғалым, драматург Әшірбек Сығай атындағы «Сын - шын болсын…» ІІІ республикалық театр фестивалі аясында үздік театр ұжымдары мен шығармашылық мамандар марапатталды.

    Өнер додасы еліміздің әр өңірінен келген театр ұжымдарының басын қосып, ұлттық сахна өнерінің көркемдік қуатын, шығармашылық ізденісін және кәсіби әлеуетін танытты. Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен фестивальдің басты мақсаты - театр өнерін дамыту, кәсіби сынның маңызын арттыру, шығармашылық тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және Әшірбек Сығайдың рухани мұрасын ұлықтау.

    2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Әшірбек Сығайдың 75 жылдық мерейтойына орай алғаш рет ұйымдастырылған фестиваль бүгінде отандық театр өнеріндегі маңызды мәдени жобалардың біріне айналды. Үшінші мәрте өткізіліп отырған фестиваль сахна шеберлерінің шығармашылық ізденісін қолдап, театр мен кәсіби сынның арасындағы рухани байланысты нығайтуға үлес қосып келеді. Фестиваль аясында еліміздің әр өңірінен келген театр ұжымдары өздерінің таңдаулы қойылымдарын көрермен назарына ұсынып, режиссерлік шешімдері мен актерлік шеберлігін танытты. Қойылымдарды Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстан Театрлар Қайраткерлері» одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған кәсіби қазылар алқасы бағалады. Фестивальдің маңызды сәттерінің бірі - үздік деп танылған шығармашылық жұмыстар мен олардың авторларын марапаттау рәсімі болды.

    «Бас жүлде» - «Ұлпан» қойылымына.

    Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Ұлпан» драмасы фестивальдің «Бас жүлде» номинациясы бойынша марапатталды. Қойылымның авторы - Ғабит Мүсірепов, режиссері - Гүлназ Балпейісова.

    «Үздік режиссура» - Гүлназ Балпейісова.

    «Үздік режиссура» номинациясының иегері -Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Ұлпан» қойылымының режиссері Гүлназ Балпейісова.

    «Үздік ансамбль» - «Қарагөз» қойылымы.

    Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театры Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы үшін «Үздік ансамбль» номинациясымен марапатталды. Қойылымның режиссері - Дәурен Серғазин.

    «Үздік Ер адам рөлі» - Нұркен Өтеуіл.

    Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының "Парасат майданы" психологиялық драмасындағы "Бейтаныс" рөлі үшін.

    «Үздік Әйел адам рөлі» - Толқын Нұрбекова.

    Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Ұлпан» спектакліндегі "Ұлпан" рөлі үшін.

    «Үздік сценография» - Ерлан Тұяқов.

    Астана қаласы әкімдігінің "Жастар" театры "Қарагөз" трагедиясының қоюшы суретшісі.

    «Әшірбек Сығай атындағы арнайы жүлде» - Мәмбет Қожалиев.

    А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театры "Макбет" спектакліндегі "Макбет" рөлі үшін.

    «Екінші пландағы үздік актер» - Нариман Егимбеков.

    Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Ұлпан» спектакліндегі "аңшы Мүсіреп" рөлі үшін.

    «Екінші пландағы үздік актриса» - Анар Адилова.

    Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Ұлпан» спектакліндегі "Шынар" рөлі үшін.

    Барлық марапат фестивальдің негізгі құндылықтарын - көркемдік сапаны, режиссерлік ізденісті және актерлік ансамбльдің үйлесімділігін дәріптейді. Сонымен қатар олар еліміздің театр ұжымдарының кәсіби дамуына, шығармашылық байланыстардың нығаюына және ұлттық драматургияның сахнадағы өміршеңдігін арттыруға ықпал етеді. «Сын - шын болсын…» фестивалі - театр ұжымдарының жетістіктерін саралап қана қоймай, сахна өнерінің бүгінгі бағыты мен болашағына ой жүгіртетін маңызды мәдени алаң.

    Осындай жобалар арқылы кәсіби сынның беделі артып, театр мамандарының тәжірибе алмасуына және көрерменнің ұлттық өнерге деген қызығушылығының өсуіне жол ашылады. Қарағанды төрінде өткен республикалық фестиваль ұлттық театр өнерінің өрісін кеңейтіп, шығармашылық ізденіске серпін берді. Өнер додасында үздік атанған театр ұжымдары мен мамандарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа белестер мен көрермен жүрегінен орын алатын жарқын қойылымдар тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" жаңалықтары