Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2026 жылдың 9 айындағы қызметтік жұмыстың қорытындысына арналған жедел кеңес өтті.
Кеңеске Департамент бастығы, әділет полковнигі Ш. Есенкелдиев, Ұлттық ұланның № 6655 әскери бөлімінің командирі, полковник Е. Б. Ипатов, «Еңбек-Жайық» РМК директоры А. М. Мирзабадалов, ардагерлер қоғамының төрағасы С. А. Баймагамбетов, Департамент бастығының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, № 8, 9, 70 мекемелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ бөлімдер мен қызметтердің басшылары қатысты.
Кеңес барысында қызметтік жұмыстың қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды. Мекемелерде белгіленген режим талаптарын қамтамасыз етуге, қызметтік тәртіпті нығайтуға, жеке құраммен жүргізілетін жұмысқа және тыйым салынған заттардың мекемелерге түсуіне жол бермеуге ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және қызметтік жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.









