«Таза Қазақстан»: Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері сенбілікке шықты

    1 / 2

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамының қатысуымен тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, аумақтарды абаттандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасты нығайту.

    Сенбілік барысында департамент қызметкерлері аумақты тазалау жұмыстарына қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты.

    Мұндай экологиялық бастамалар азаматтық жауапкершілікті арттыруға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамның табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысуына ықпал етеді.

    Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және қоғамдық игілікке бағытталған бастамаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары