
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 218 бұйрығына (бұдан әрі — Бұйрық) сәйкес, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жүргізіледі.
Аттестаттаудың мақсаты:
Қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну үшін кадрлық жоспарлауды қамтамасыз ету.
ҚР ІІМ-нің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 218 бұйрығына сәйкес, Департамент бастығының номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын және кезектен тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесіне:
1-қосымшаға сәйкес баянатты;
«1С» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізімді
ұсынуы қажет.
Келесі санаттағы қызметкерлер кезектен тыс аттестаттауға жіберілмейді:
Басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндер (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығы);
қолданыстағы тәртіптік жазасы барлар;
өздеріне қатысты қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан тұлғалар.
БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ
1) Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бөлім бастығы (C-SVO-4):
қызмет бағытына сәйкес жоғары білім;
құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
осы санаттағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-7, C-AGP-8, C-KSGP-5, C-KAGP-5, C-VP-5, C-TP-7, C-OGP-7, C-OKSGP-5, B-FM-6, B-FMO-5, C-SV-8, C-SVO-5, C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-4, C-SSP-3, C-SGU-8 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
2) Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бөлімше бастығы (C-SVO-6):
қызмет бағытына сәйкес жоғары білім;
құқық қорғау органдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда, әскери қызметте немесе судья лауазымында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
3) Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы (C-SVR-4):
қызмет бағытына сәйкес жоғары білім;
құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес.
4) Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемелеріндегі бөлім бастығы (C-SGU-8):
қызмет бағытына сәйкес жоғары білім;
құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес.
Қосымша ақпарат алу үшін
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесіне хабарласуға болады.
Телефон:
8 (7242) 54-46-26
Электрондық пошта:
[email protected]
Ескерту: Кезектен тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.









