Қарақия ауданында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

    Қарақия аудандық пробация қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасын жалғастыруда.

    Қазіргі уақытта аудандық пробация қызметінің есебінде 30-дан астам сотталған азамат бар.

    Іс-шара аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тексеріп, оларға жүктелген міндеттердің орындалуын және заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын бақылауда. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қайталама қылмыстарға жол бермеуге бағытталған профилактикалық әңгімелер жүргізуге ерекше назар аударылады.

    Тексеру барысында жазаны өтеу тәртібін бұзудың бір фактісі анықталды. Осыған байланысты сотталған азаматқа жазбаша ескерту берілді. Сондай-ақ оған белгіленген талаптарды сақтамаудың құқықтық салдары түсіндірілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың заң талаптарын сақтау жауапкершілігін арттыру.

    Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары