Ботулизмнен сақ болыңыз!

    Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ботулизмнің алдын алу шараларын сақтауға шақырады.
    Ботулизм – дұрыс дайындалмаған немесе талапқа сай сақталмаған тағамды тұтынудан туындауы мүмкін, өмірге қауіп төндіретін ауыр ауру. Әсіресе үй жағдайында дайындалған саңырауқұлақ, көкөніс және ет консервілеріне абай болған жөн.
    Аурудың алдын алу үшін:
    🔹 консервілеу кезінде санитариялық талаптар мен тағамды өңдеу тәртібін қатаң сақтаңыз;
    🔹 тек балғын әрі сапалы өнімдерді пайдаланыңыз;
    🔹 консервілердің қақпағы ісінсе, ішіндегісі лайланса немесе өнімнің басқа да күмәнді белгілері байқалса, оны тұтынбаңыз;
    🔹 күмәнді өнімнің дәмін татып көрмеңіз;
    🔹 үй жағдайында дайындалған консервілер мен тұздалған өнімдерді бейтаныс адамдардан және рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмаңыз;
    🔹 дайын өнімдерді белгіленген температура мен сақтау мерзімін сақтай отырып ұстаңыз;
    🔹 бір жасқа толмаған балаларға бал бермеңіз, себебі оның құрамында ботулизм қоздырғышының споралары болуы мүмкін.
    ⚠️ Ботулизм кезінде көрудің бұзылуы, көздің қосарланып көрінуі, қабақтың түсуі, ауыздың құрғауы, жұтыну мен сөйлеудің қиындауы, қатты әлсіздік және тыныс алудың бұзылуы сияқты белгілер байқалуы мүмкін.
    Осындай белгілер пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Өз бетінше ем қабылдамаңыз.
    Үй жағдайындағы тағам өнімдерінің қауіпсіздігі – өз қолыңызда. Қарапайым сақтық шараларын ұстану ботулизмнің алдын алуға көмектеседі.
    Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары