Самар ауданында аумақты ластау дерегінің жолы кесілді

    1 / 3

    Самар ауданында аумақты ластау дерегінің жолы кесілді

    «Таза Қазақстан» аясында Самар ауданында полиция қызметкерлері ортақ пайдаланылатын аумақты ластау дерегін тіркеді.

    Алтайская көшесінде 68 жастағы жергілікті тұрғын жер учаскесін тұрмыстық қалдықтармен, пластик бөтелкелермен және сусын қаптамаларымен ластаған.

    Ер адамға ескерту жасалып, аумақты тазалап, оны тиісті жағдайға келтіру үшін 10 тәулік мерзімінде уақыт берілді.

    Тазалық пен тәртіпті сақтау — әрқайсымызға ортақ жауапкершілік. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары