Көлік вице-министрі азаматтық авиация субъектілерінің қысқы навигацияға дайындығы жөнінде кеңес өткізді

    Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен еліміздегі барлық әуежайлар мен әуе компаниялардың бірінші басшыларының қатысуымен 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.

    Кеңес барысында Көлік вице-министрі қысқы кезеңде азаматтық авиацияның қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

    Атап айтқанда, әуежай инфрақұрылымының, аэродромдық және арнайы техниканың, сондай-ақ персоналдың күрделі ауа райы жағдайларында жұмыс істеуге толық дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды. Жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді уақтылы жүргізу және олардың жарамдылығын тексеру, әуежайларды көктайғаққа қарсы реагенттердің және басқа да қажетті шығыс материалдарының жеткілікті қорымен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар ұшу-қону жолақтары мен басқа да аэродром жабындарын қар мен мұздан уақтылы тазартуға арналған техниканың дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ әуе кемелерін мұздануға қарсы өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді.

    Вице-министр барлық дайындық шараларын алдын ала орындаудың және әуежайлар мен әуе компаниялардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын тұрақты бақылауда ұстаудың маңыздылығын атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары