Әйтеке би ауданына жұмыс сапары аясында Департамент басшысының орынбасары Руслан Мажитов аудан активімен кездесу өткізді.
Кездесудің басты тақырыбы — Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңға сәйкес салаға енгізілетін ауқымды өзгерістер болды. Жаңа заңнаманың негізгі бағыттары жаңа Конституцияға сәйкестендірілген және мынадай маңызды міндеттерді қамтиды:
Сервистік модель: мемлекеттік қызметті клиентке (халыққа) бағдарланған деңгейге көшіру;
Кәсібилендіру: мемлекеттік аппараттың әлеуеті мен біліктілігін арттыру;
Цифрландыру: кадрлық процестерді толықтай электронды форматқа көшіру.
Сонымен қатар, жиында “Адал азамат”, “Заң мен тәртіп” қағидаттары аясында мемлекеттік қызметте адалдық мәдениетін қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.








