Астанада ЭЫҰ-ның көлік стратегиясы мен Астана декларациясы қабылданды

    1 / 4

    2026 жылғы 15 қазанда Астанада Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің 14-кеңесі өтті.

    Кеңес барысында қатысушылар көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту, өңірлік көлік байланыстарын нығайту және халықаралық тасымалдардың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады. Инфрақұрылымды жаңғыртуға, цифрландыруға, сондай-ақ сауда мен транзитті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.

    Кеңес қорытындысы бойынша ЭЫҰ-ның 2026–2035 жылдарға арналған орнықты көлік стратегиясы және Астана декларациясы қабылданды. Аталған құжаттар өңірдегі көлік байланыстарын дамытуға, халықаралық тасымалдарды жетілдіруге және мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.

    Кеңестің Қазақстанда өткізілуі ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы диалогты нығайтуға және өзара тиімді көлік бастамаларын жүзеге асыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары