«ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ»: МАЙ АУДАНЫ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕҢІСІ!

    1 / 7

    Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – баршамызға ортақ міндет. Павлодар облысы Май ауданында өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне және мемлекеттік тілге деген құрметін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

    Бүгінде аудан мектептерінде өзге ұлт өкілдерінің 115 оқушысы білім алса, оның 36-сы қазақ тілінде оқиды. Аудандағы 13 мектептің екеуінде оқыту аралас тілде жүргізіледі.

    Осы бағыттағы жұмыстың жарқын нәтижесін аудан оқушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» республикалық олимпиадасында көрсетті.

    Майтүбек мектебінің жүлдегерлері:

    ІІ орын – Делолио Вадим, 5 «Б» сыныбы;

    ІІ орын – Ворошилова Айлин, 7 «Б» сыныбы;

    ІІІ орын – Степанова Дарья, 7 «Б» сыныбы;

    ІІІ орын – Фомин Данила, 7 «Б» сыныбы.

    Май мектебінің жүлдегерлері:

    ІІ орын – Науметов Рамиль, 5-сынып;

    ІІ орын – Виноградов Сергей, 9-сынып;

    ІІ орын – Каримов Наиль, 5-сынып;

    ІІІ орын – Чорноус Сергей, 7-сынып.

    Оқушыларды олимпиадаға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жакупова Айжан Ахмедиевна мен Адильшина Нуржамал Бейсенбековнаға алғыс білдіреміз!

    Барлық жүлдегерлерді, ұстаздары мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!

    Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеріп, оны құрметтеп, білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетуі – баршамызға үлгі. Қазақ тілі – тек бір ұлттың емес, Қазақстанның барша азаматын біріктіретін ортақ құндылық. Оның қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру әрқайсымыздың күнделікті ісімізден басталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары