Көзбе-көз және сырттай проактивті куәландыру немесе қайта куәландыру кезінде шағымдану бойынша қайта куәландыру қалай жүргізіледі.
Медициналық - әлеуметтік сараптаманың бастапқы бөлімінің мамандары шығарған сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі оны алған күннен бастап үш айдан кешіктірмей аумақтық бөлімше басшысының атына шағым береді.
Егер көрсетілетін қызметті алушы Солтүстік Қазақстан облысында тұрақты тіркелсе, онда тиісінше Х алықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының атына ш ағымданады.
Шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және шағым тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымдану бойынша күндізгі қайта куәландыруды жүргізуді медициналық - әлеуметтік сараптаманың әдіснамасы және бақылау бөлімі аумақтық департаментте жүргізеді.
Шағымдану бойынша сырттай проактивті қайта куәландыруды жүргізуді медициналық - әлеуметтік сараптама актісінің иесіз деректері негізінде экстерриториялық медициналық - әлеуметтік сараптаманың әдіснамасы мен бақылау бөлімі жүргізеді.
Егер куәландырылушы немесе оның заңды өкілі медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамасы және бақылау бөлімі мамандарының сараптамалық қорытындысымен келіспесе, онда өтінішті қарау нәтижесіне жоғары тұрған әкімшілік органға - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне шағымдануға құқылы.
https://www.instagram.com/reel/Deg3HRaoaw1/?utm_source=ig_web_copy_link&srtk=MzRlODBiNWFlZA==









