Қазақстанда асыраушысынан айырылған отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары шеңберінде төлемдердің екі түрі көзделген: республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлем. Екі төлемге де құқық болған жағдайда, олар бөлек тағайындалады.
Мемлекеттік жәрдемақы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес құқығы бар еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне тағайындалады. Оның мөлшері, алушылардың санына байланысты. 2026 жылғы жағдай бойыншаасырауында бір адам болған кезде жәрдемақы айына 46 783 теңгені, екі адамға — 86 447 теңгені, үш адамға — 114 415 теңгені, төрт адамға — 132 213 теңгені, бес адамға — 139 841 теңгені, алты және одан көп адамға — барлығына 152 553 теңгені құрайды.
Екі ата-анасынан да айырылған балаларға жәрдемақы бөлек тәртіппен тағайындалады.
МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлем қайтыс болған асыраушысының асырауында болған отбасы мүшелеріне, егер қайтыс болған адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысып, ол үшін әлеуметтік аударымдар төленген болса, тағайындалады. Төлем мөлшері жеке есептеледі және әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа, жүйеге қатысу өтіліне және асырауындағы адамдардың санына байланысты болады.
ӨтініштіeGov.kzэлектрондық үкімет порталы арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (ХҚКО) қолжетімді немесе проактивті тәсілдермен беруге болады.
Әдетте жеке куәлік, қайтыс болу және туыстық қатынасты растайтын мәліметтер, қаражат аударылатын банк шоты және қажет болған жағдайда қосымша құжаттар талап етіледі. Кейбір мәліметтерді мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерден өздері ала алады.









