Береке шағын ауданында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда

    Береке шағын ауданында тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Шағын аудандағы құрылыс қарқынының артуына байланысты сапалы жолдарға, көше жарығына және жайлы қоғамдық кеңістіктерге ерекше назар аударылуда.

    Жол инфрақұрылымы бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Атап айтқанда, асфальт төселіп, жол таңбалары сызылды. Тұрғындардың өтініші ескеріліп, жайлы мектептің жанынан қосымша көше салынды. Қазіргі уақытта шамамен 1 000 шаршы метр аумаққа тротуар плиталарын төсеу, жол белгілерін орнату және аумақты тазалау жұмыстары қалды.

    Көше жарығын орнату жұмыстары да жалғасуда. Шағын ауданда барлығы 425 жарық бағанасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде көшелердің жарықтандырылу деңгейі артып, тұрғындардың қараңғы уақытта қауіпсіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалады.

    2027 жылы шағын аудан көшелерін абаттандыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, аялдама павильондарын, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін, сондай-ақ шағын сәулет нысандарын орнату көзделген.

    Береке шағын ауданын кешенді дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Жол сапасын жақсарту, көшелерді жарықтандыру және қоғамдық орындарды абаттандыру тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және шағын ауданның көркін жақсартуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай қаласының әкімдігі" жаңалықтары