Германия астанасы Берлин қаласында Республика күніне орай Сыр елінің өнер шеберлері мерекелік концерт қойды. Оған Қазақстанның Германиядағы елшісі Нұрлан Онжанов, елшіліктің, қазақ диаспорасының өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, сондай-ақ Берлинде тұратын отандастарымыз бен жергілікті мәдениет жанашырлары қатысты.
Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мәдени шараның мақсаты – қазақ халқының бай рухани мұрасын, ұлттық өнері мен мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде таныстырып, Сыр өңірінің өнерін шетелдік көрерменге насихаттау.
Шығармашылық делегация Берлин төрінде ұлттық өнерімізді ұлықтап, қазақ мәдениетінің байлығы мен өзіндік болмысын танытты. Концертте «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, Мәдениет саласының үздіктері Серік Жақсығұлов, Марат Сүгірбай, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Айдос Шадаев, Гүлназ Нағашыбай, Ринат Үсенов, Аружан Төреғали және Рано Сабанкулова өнер көрсетті. Ал «Томирис» би ансамблі ұлттық хореографияның озық үлгілерін ұсынып, кештің көркін аша түсті.
Концерт шымылдығы қазақ халқының рухани мұрасының символына айналған Қорқыттың күйімен ашылды. Кеш бағдарламасына жыраулық өнердің жауһарлары, халық әндері, ән-айтыс үлгілері мен патриоттық әндер арқау болды. Ұлттық өнердің сан қырын танытқан мазмұнды бағдарлама халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан өнер сабақтастығын айшықтады.
Мәдени шара аясында қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, халқымыздың қонақжай дәстүрі мен дастархан мәдениеті де таныстырылды. Бұл келушілердің қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарына деген қызығушылығын арттыра түсті.
Сыр өнерпаздарының сапары – ұлттық мәдениетімізді халықаралық кеңістікте дәріптеуге, шығармашылық байланыстарды нығайтуға және Қазақстанның мәдени әлеуетін танытуға бағытталған маңызды қадам. Қазақтың әні мен күйін шетел төрінде әуелеткен өнер иелері Сыр елінің рухани байлығын паш етіп, ұлттық өнеріміздің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Өнерпаздар берлиндік көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.
Сырдан сазды сәлем: Қазақ өнері Берлин төрінде
1 / 10
Ұқсас материалдар

Ұлытау облысындағы медициналық-әлеуметтік сараптама: 9 айдың қорытындысы
ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментіАшу
Қолжетімді орта — баршаға ортақ мүмкіндік
ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментіАшу2026 жылғы 14 қазанда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның «Жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында кеңейтілген отырысы өткізілді
Өскемен қаласының әкімдігіАшу
Қарағанды облысының алты колледж студенті Қазақстанның үздік 100 студентінің қатарына енді
Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
"Шиелі ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Аймақ басшысы «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорын қабылдады
Шиелі ауданының әкімдігіАшу
Аймақ басшысы облыстық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттарымен кездесті
Шиелі ауданының әкімдігіАшу
Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Шиелі ауданының әкімдігіАшу
Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Шиелі ауданының әкімдігіАшу
Шиеліде күн-электр станциясы іске қосылды
Шиелі ауданының әкімдігіАшу